Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты жағдайларды талдау дағдыларын дамыту мақсатында біздің балабақшада «Үш кілт» интерактивтік іскерлік ойыны өткізілді.
Ойын барысында педагогтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді, дұрыс және дұрыс емес мінез-құлықтарды ажырату үшін жағдайларды талдады, сондай-ақ жағымсыз ұрандарды адалдық пен ашықтықтың құндылықтарын көрсететін дұрыс ұрандарға айналдырды.
Қатысушылар тапсырмаларды сәтті орындағаны үшін үш кілт алды. Олардың әрқайсысы саналы таңдау мен кәсіби қызметіне жауапкершілікпен қараудың символына айналды.
Финалда қатысушылар құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпараты бар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жадынама алды.