|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
|
13
Қараша
2026
|
Бүгін, 13.11.2026 жылы, «№ 54 бөбекжайы» КМҚК базасында «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: сапа, қауіпсіздік және баланың үйлесімді дамуы» тақырыбында қалалық Жас педагог мектебінің отырысы өтті.
Шеберлік сыныптары аясында педагогтер квест және кейс-технологияларды, геймификация мен робототехниканы қолдана отырып ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті, сондай-ақ экологиялық тәрбие беру және «Геоіздеу: табиғат құпиялары. Экологиялық геокешинг» эксперименттік алаңын іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара «Педагогикалық компас: идеядан тәжірибеге» рефлексиясымен, қорытынды шығарумен және пікір алмасумен аяқталды. Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, жас педагогтердің кәсіби қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуына арналған пайдалы алаңға айналды.
«№54 бөбекжайы» КМҚК-да педагогтер арасында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтерге көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеу және орналастыру бойынша ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды. Атап айтқанда, маңдайшалар, ақпараттық стендтер, хабарландырулар, көрсеткіштер, кабинет атаулары және басқа да көрнекі ақпарат түрлерін дұрыс рәсімдеу мәселелері түсіндірілді.
Белгіленген тілдік нормаларды сақтау және осы талаптардың орындалуына әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
|
2
Қараша
2026
|
Бос жұмыс орны туралы ақпарат
Лауазымдық жалақысы: 180 000 теңгеден бастап
Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыспен қамту
Оқыту тілі: орыс тілі
Білімі: педагогикалық (жоғары немесе техникалық және кәсіптік), мамандығы бойынша — логопед-мұғалім, дефектолог
Сағат саны: 4,48 (1 мөлшерлеме)
Міндеттері:
Балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін диагностикалау.
Жеке және топтық логопедиялық сабақтар өткізу.
Дыбыс айтуды, фонематикалық естуді, сөздік қорды және сөйлеудің грамматикалық құрылымын түзету.
Байланыстырып сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Жеке түзету бағдарламаларын құрастыру.
Сөйлеу тілінің даму динамикасын бақылау.
Ата-аналарға кеңес беру, тәрбиешілермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимыл жасау.
Қажетті құжаттаманы жүргізу.
Ұйым туралы ақпарат
Ұйымның атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 54 бөбекжайы » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, 8-шағын аудан, 7А


