|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
|
9
Қыркүйек
2026
|
№54 бөбекжайда жаңа 2026–2027 оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңес өтті.
Отырыс барысында педагогтер тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі мәселелерін қарастырып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер мен жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Сонымен қатар әдістемелік сүйемелдеу және педагогикалық ұжымның алдағы қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ педагогикалық кеңес аясында педагогтерге біліктілік санаттарын арттыру туралы «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» және «педагог-зерттеуші» куәліктері табысталды.
Педагогтерге кәсіби өсім, жаңа жетістіктер мен жұмыстарына толағай табыс тілейміз!
|
11
Тамыз
2026
|
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің Тамыз конференциясы аясында әдіскерлер секциясында жоғары кәсіби шеберлігі, сапалы еңбегі және қызметіндегі жоғары нәтижелері үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ грамотасымен педагог-психолог Гонцаревич Валентина Геннадьевна марапатталды.
Валентина Геннадьевнаны еңбегінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат, тәрбиеленушілер мен ата-аналардың алғысына бөлене беруіңізді тілейміз!
Еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, қуаныш сыйлап, толағай табыстар мен лайықты құрметке жетелей берсін!
|
29
Шілде
2026
|
Барлық туындаған сұрақтар бойынша сіз “Онлайн” порталында техникалық қолдау маманына немесе білім бөліміне 54-36-14 телефоны бойынша хабарласа аласыз.


