|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«№54 бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ай сайынғы жұмыс аясында «Адал кәсіби орта неден басталады?» атты интерактивті акция өткізілді.
Педагогтердің қатысуымен «Адал кәсіби орта ... басталады» деген сөйлемді жалғастыру ұсынылған пазл түріндегі тақырыптық панно ұйымдастырылды. Педагогтерге адал әрі ашық кәсіби ортаның негізін құрайтын құндылықтар туралы өз пікірлерін жеке форматта білдіруге мүмкіндік берілді.
Акция барысында қатысушылар жеке жауапкершіліктің, әділдіктің, адалдықтың, кәсіби әдеп нормаларын сақтаудың және әріптестер арасындағы өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың маңыздылығын көрсететін ұсыныстарын білдірді.
Жасалған панно ұжым бірлігінің және ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әрбір қызметкердің қосқан үлесінің символына айналды.
|
18
Қыркүйек
2026
|
Б
алабақшамызда педагогтер ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары қарастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен қағидаттары еске салынды. Сондай-ақ адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы алдын алу жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.
|
29
Мамыр
2026
|

📎 Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары аясында комплаенс-офицер педагогтермен алаяқтық және одан қорғану жолдары тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📌 Қызметкерлерге алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтылып, қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері еске салынды, сондай-ақ бөгде адамдарға қандай ақпаратты айтуға болмайтыны түсіндірілді.
📝 Іс-шара соңында әр педагогке «Алаяқтардың арбауына түспеу жолдары» атты чек-парақ таратылды.
|
29
Мамыр
2026
|
📌 Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары аясында «Күмәнсіз таңдау» атты іс-шара өтті.
🟩🟥 Педагогтарға ҚР заңнамасынан үзінділер оқылып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты ойлануға арналған жағдайлар ұсынылды. Қатысушылар карточкалар арқылы (жасыл — келісемін, қызыл — келіспеймін) өз ұстанымдарын білдіріп, жауаптарды талқылады.
✔️ Педагогтар өз пікірлерін дәлелдеп, адалдық пен заңға бағыну қағидаларын нығайтты.

📌Балабақшада «Мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
✅Кездесудің мақсаты — қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру. Іс-шара барысында заңнаманы сақтау қағидаттары және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды.
Біздің балабақшада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Жуырдағы кездесу барысында заңды сақтау маңыздылығын еске салу және қуқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында қысқа бейнеролик көрсетіліп, талқылау өткізілді.


