|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Құрметті ата-аналар!
«№54 бөбекжайы» КМҚК базасында Сіздер үшін «КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ» арнайы жұмыс жүргізуде, онда сіз тегін білікті кеңестік көмек ала аласыздар
Егер сізде кеңес беру пунктіне бару мүмкіндігі болмаса, Сізді қызықтыратын сұрақтарды келесі телефон арқылы қоюға болады:
8 (7142) 22 -08 -77, 8 (7142) 22-08-27
немесе мамандар көмегін кашықтықтан алуға болады (өтінім берушінің электронды поштасы арқылы).
Біз Қостанай қ., 8 шағын аудан, 7 А үй мекен – жайында орналасқанбыз.
Отбасылармен кеңес беру жұмысын тәжірибелі педагогтар мен мектепке дейінгі ұйымның мамандары жүзеге асырады:
Меңгеруші – Тусова Айгуль Аманжоловна
Әдіскер – Захарова Елена Александровна
Қазақ тілі мұғалімдері – Бердибекова Дина Увалиевна, Оспанова Акбота Рамазановна
Педагог-психолог – Гонцаревич Валентина Геннадьевна
Медициналық бике – Панкратова Лариса Игоревна
Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы – Рогач Светлана Петровна, Мулжигитов Айдар Азаматович
Музыкалық жетекшілер – Похуляк Ирина Валерьевна, Кашуба Ольга Васильевна
Логопед - мұғалімдер – Сухинина Валерия Владимировна, Булко Ольга Николаевна
Ата-аналарға кеңес беруді бір немесе бірнеше мамандар бір уақытта әртүрлі нысандарда жүргізеді:
Баланың қатысуымен және оның қатысуынсыз ата-аналарға арналған жеке кеңес (кеңестің мазмұны атаулы сипатта болады).
Ата-аналарға отбасылық кеңес беру баланың мамандармен жеке іс-әрекетімен үйлеседі.
Сырттай кеңес беру (жазбаша өтініш бойынша, мектепке дейінгі ұйым сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы).
|
№ |
Атауы |
Жүктеу |
|
1 |
КБП туралы ереже |
|
|
2 |
КБП жұмысының жоспары |
|
|
3 |
КБП жұмысының кестесі |
|
|
4 |
КБП қызметін ұйымдастыру |
|
|
5 |
Жазылу тәртібі |
|
|
6 |
Мамандарға көмек көрсету тәртібі |
|
|
7 |
Қашықтықтан жазылуға арналған сауалнама |
Консультациялық пункт
|
9
Желтоқсан
2025
|
|
17
Қараша
2025
|
Кеңес беру пунктінің жұмысы аясында ата-аналарға балаларына үйде кітап оқуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін мобильді кітапхана ұсынылды. Бұл бастаманың маңызы зор, себебі кітап оқу балалардың қиялын дамытады, сөздік қорын байытады және сыни ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді. Мобильді кітапхана әртүрлі кітаптарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, бұл отбасында қызықты және білім беру атмосферасын құруға көмектеседі. Кітап оқуға деген қызығушылықты қолдай отырып, біз балалардың үйлесімді дамуына ықпал етеміз және отбасылық байланыстарды нығайтамыз.
📌 Біздің балабақша базасында ата-аналарға тегін
білікті көмек көрсететін консультациялық пункт өз жұмысын жалғастыруда.
🗣️ Консультациялық пункт аясында ата-анамен жеке форматта бетпе-бет кездесу өткізілді. Мамандар бала тілінің дамуына қатысты сұрақтар бойынша кеңестік-әдістемелік қолдау көрсетті.
❕ Ата-ананың сұрауы бойынша «Балалардың тыныс алуын және дауысын дамытуға арналған ойындар» тақырыбында консультация жүргізілді.
Кездесу барысында маман дұрыс тыныс алу мен дауыс қоюды дамытуға көмектесетін жаттығуларды түсіндіріп, ата-ананы қызықтырған сұрақтарға жауап берді және үй жағдайында орындауға болатын практикалық ұсынымдар берді.
Жаз мезгілі – демалыс пен жаңа бастамалар үшін керемет уақыт! Егер Сіздің балларыңыз балабақшаға бармаса, бұл оларды дамытушы оқу іс-әрекеттері мен қарым-қатынастан айыруға себеп емес. Дәл осындай балалар мен олардың ата-аналары үшін кеңес беру пункті белсенді түрде жұмыс істейді.
Педагогтер «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударады. Бұл бағдарламаның мақсаты – баланы тұлға ретінде үйлесімді дамыту, оның бойында адамгершілік құндылықтар мен патриотизмді қалыптастыру.
Ата-аналар бірлескен ойындарға баса назар аудара отырып, бос уақытты ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мектепке дайындық бойынша ұсыныстар алды. Қазақ тіліндегі сөздерді бекіту үшін «Қайтала және есте сақта», «Бұл не екенін тап» ойындарын ойнады, балалар гардероб заттарының атауларын екі тілде атай отырып, «Киім» тақырыбы бойынша білімдерін нығайтты, «Менің отбасым» атты және басқа саусақ гимнастикаларын жасады.
Кеңес беру ата-аналарға балаларды сәтті тәрбиелеуге және дамытуға көмектеседі.
|
13
Сәуір
2025
|
Балабақша жанындағы консультациялық пункт өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті кездесу педагог-психолог Гонцаревич В.Г.-ның қатысуымен өтіп, ертегінің бала өміріндегі маңызы мен ертегі терапиясының мүмкіндіктеріне арналды .
Ата-аналарға ертегінің тек көңіл көтеру құралы ғана емес, сонымен қатар маңызды тәрбиелік құрал екені ескертілді. Ертегі сюжеттері арқылы балалар жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді, сөйлеу тілі, қиялы және эмоциялық сезімталдығы дамиды.
Кездесуде ертегінің түрлері мен олардың қызметтері қарастырылып, ата-аналарға ертегіні бірге оқу және ойлап табу бойынша практикалық кеңестер берілді. Қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, осындай форматтағы кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.
Консультациялық пункт жұмысы аясында балабақшаға бармайтын балалар мен олардың ата-аналарына арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шара жылы әрі достық атмосферада өтті.
Кездесудің мақсаты – үй жағдайында ерте дамытудың және мектепке даярлаудың тиімді әдістерін көрсету болды.
Ата-аналарға сөйлеу тілі, зейін , жады және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған түрлі ойындар мен жаттығулар ұсынылды.
Ерекше қызығушылық тудырғаны – ұсақ моториканы және қозғалыс үйлесімділігін дамытатын карточкалармен дидактикалық ойындар болды.
Балалар қуана-қуана пазл құрастырып, конструктормен ойнап, интерактивті ойындарға қатысты .
Шеберлік сағаты үйде дамытушы ортаны құрудың маңыздылығын және ата-аналар арасындағы тәжірибе алмасуды талқылаумен аяқталды.
Барлық қатысушылар алған ақпараттың пайдалы болғанын атап өтіп, балаларымен ары қарай да үйде айналысуға шабыттанды .








