№ 54 бөбекжайында сұрапыл апат жағдайларында ересектер мен балалардың мінез-құлық ережелерін бекіту бойынша сейсмо жаттығу өткізілді.
«Барлығы назар аударыңыздар!» 1-қабаттың тәрбиеленушілері мен қызметкерлері даладағы арнайы бөлінген алаңға қауіпсіз жерге көшірілді.
2 қабаттың тәрбиеленушілері мен қызметкерлері ішкі қабырғаға, есіктерге, үстелдердің астына есік алдында қауіпсіз орындарды иеленді.
Сондай-ақ, «Өрт туындаған кездегі іс-қимылдар» тақырыбы бойынша апаттық жағдайлар бойынша эвакуациялық жаттығу ұйымдастырылды.
Эвакуация туралы ескерту дабылынан кейін балалар, қызметкерлер мен тәрбиешілер бөбекжай ғимаратынан қауіпсіз аумаққа көшірілді. Эвакуациядан кейін педагогтар топтардың тізімдеріне сәйкес балаларды санап, ТЖ бойынша жауапты тұлғаға балалар мен қызметкерлерді қауіпсіз эвакуациялау туралы есеп берді.
Әрі қарай өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы түсіндірме әңгіме өткізілді. Жаттығуға 150 тәрбиеленуші, 30 балабақша қызметкерлері қатысты.