27 қарашада Қостанай облысы әкімдігінің "Білім басқармасы" ММ жоспары аясында ұйымдастырылған "Жылдың үздік психологы" республикалық байқауының облыстық кезеңі офлайн форматта өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жоғары кәсіби құзыреттілікті көрсететін дарынды және шығармашыл психологтарды анықтау. Байқау мамандардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, сондай-ақ оларға қолдау мен ынталандыру көрсетуге арналған.
Іс-шара аясында қатысушылар өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынып, қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша №54 бөбекжайының психологы Гонцаревич Валентина Геннадьевна бірінші орынды иеленді.
Валентина Геннадьевнаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған таусылмас шабыт пен одан әрі кәсіби жетістіктер тілейміз!



