№54 балабақша базасында мектепке дейінгі топтар тәрбиеленушілерінің ата-аналары үшін жалпы ата-аналар жиналысы өтті, оған мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары: Спандияр Көбеев атындағы ОМ, Мариям Хакимжанова атындағы №20 ОМ және №16 ОМ қатысты.
Мектеп өкілдері білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы, педагогикалық ұжымдары және бастауыш сыныптағы оқу жағдайлары туралы мәлімет берді. Ата-аналарға оқу процесінің ұйымдастырылуы, қосымша сабақтан тыс іс-шаралар және бірінші сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері таныстырылып, 1 сыныпқа қабылдау тәртібі түсіндірілді.
Қабылдаудың 1 сәуірден 30 тамызға дейін жүзеге асатыны атап өтілді. Өтініш ата-аналар (заңды өкілдер) тарапынан eGov порталы арқылы электрондық форматта тапсырылады, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі ұсынылды.
Берілген ақпарат үшін Жақия Мөлдір Маратқызы, Ещанова Жанаргүл Ануарбекқызы, Мустафаева Земфира Ғаджимахмұдовна мектеп директорларына, сондай-ақ Аблайханова Алтынкыз Қанатовқызы, Несіпова Асия Қалиевна және Хамитова Гүлдане Әлібекқызы мектеп директорларының орынбасарларына алғысымызды білдіреміз



