03.04.2026 күні №11 бөбекжай-балабақшасы базасында Қостанай қаласы әдіскерлерінің «Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйренуге мотивацияны қалыптастырудың тиімді құралы ретінде жасанды интеллект пен ойын технологияларын қолдану» тақырыбында әдістемелік кеңесі өтті («Тілге бойлау» жобасы аясында).
Кеңес барысында №54 бөбекжай-балабақшасының педагогтарының жұмыс тәжірибесімен әдіскер Алимбаева А.А. бөлісті. Ол өз сөзінде балалардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыруда жасанды интеллект пен ойын технологияларын тиімді қолдану мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
Кеңес соңында жасанды интеллект көмегімен әзірленген «Танграм» және «Бөлмені жабдықтайық» атты қазақ тіліндегі дидактикалық ойындар таныстырылып, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.



