№54 бөбекжайы Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Берік достық — мызғымас одақ» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер шығармашылық белсенділік танытып, өз жұмыстарында бейбітшілік, достық пен келісімнің көріністерін бейнеледі: жарқын гүлдер, шуақты аспан, кемпірқосақ, жер шары және достықпен біріккен адамдар.
Мұндай іс-шаралар балалардың өзара түсіністік пен бір-біріне құрмет көрсету туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Ұсынылған жұмыстар шынайылығымен, жылылығымен және мерекелік көңіл-күйімен ерекшеленді. Барлық қатысушыларға шығармашылық үлесі және бөбекжай-балабақшада көктемгі көңіл күй қалыптастырғаны үшін алғыс білдіреміз.



