№54 бөбекжай-бақшасында «Ашық есік – ашық жүрек: отбасылармен сенімді қарым-қатынасты қалай қалыптастырамыз» атты іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің тәрбиеленушілер отбасыларымен өзара әрекеттесудегі тиімді тәжірибелерін тарату, серіктестік қарым-қатынасты нығайту және ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісіне тарту.
Іс-шара аясында «Тамшы» тобында «Білім кілті» атты қызықты квест өтті. Балалар ата-аналарымен бірге түрлі бекеттер бойынша танымдық саяхатқа шығып, зейін, санау, логика және шығармашылыққа арналған тапсырмаларды орындады. Қатысушылар геометриялық пішіндерді еске түсіріп, пазлдар құрастырды, тәжірибелер жасап, музыкалық ойындарға қатысып, ертегілерді тапты.
Әрбір сәтті орындалған тапсырма үшін командалар кілттер алып отырды. Соңында балалар сиқырлы сандықты ашып, оның ішінен «білім кілттері» мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Іс-шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер және бірлескен ойын мен қарым-қатынастың қуанышын сыйлады.



