Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында №54 бөбекжайда «Мемлекеттік қызмет – болашақтың бейнесі» тақырыбында балалар суреттерінің шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне құрмет сезімін қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойына азаматтық құндылықтарды сіңіру.
Байқау қорытындысы бойынша «Тамшы» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Баяхметова Аружан І орынға ие болды. Жас суретші кенепке салынған екі туындысын ұсынды: бірінде полиция қызметкері, екіншісінде өрт сөндіруші бейнеленген. Аружан өз жұмыстарында аталған мамандықтардың қоғам үшін маңыздылығы мен жауапкершілігін шебер көрсете білді.
Баяхметова Аружанды лайықты жеңісімен құттықтай отырып, оған шығармашылық шабыт, толағай табыстар және жаңа жетістіктер тілейміз!
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|



