Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің Тамыз конференциясы аясында әдіскерлер секциясында жоғары кәсіби шеберлігі, сапалы еңбегі және қызметіндегі жоғары нәтижелері үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ грамотасымен педагог-психолог Гонцаревич Валентина Геннадьевна марапатталды.
Валентина Геннадьевнаны еңбегінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат, тәрбиеленушілер мен ата-аналардың алғысына бөлене беруіңізді тілейміз!
Еңбегіңіз әрдайым жемісті болып, қуаныш сыйлап, толағай табыстар мен лайықты құрметке жетелей берсін!



