Бос жұмыс орны туралы ақпарат
Лауазымдық жалақысы: 180 000 теңгеден бастап
Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыспен қамту
Оқыту тілі: орыс тілі
Білімі: педагогикалық (жоғары немесе техникалық және кәсіптік), мамандығы бойынша — логопед-мұғалім, дефектолог
Сағат саны: 4,48 (1 мөлшерлеме)
Міндеттері:
Балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін диагностикалау.
Жеке және топтық логопедиялық сабақтар өткізу.
Дыбыс айтуды, фонематикалық естуді, сөздік қорды және сөйлеудің грамматикалық құрылымын түзету.
Байланыстырып сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Жеке түзету бағдарламаларын құрастыру.
Сөйлеу тілінің даму динамикасын бақылау.
Ата-аналарға кеңес беру, тәрбиешілермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимыл жасау.
Қажетті құжаттаманы жүргізу.
Ұйым туралы ақпарат
Ұйымның атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 54 бөбекжайы » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, 8-шағын аудан, 7А



