2026 жылғы 6 қазанда, Қостанай қаласы білім бөлімінің «IQostanay» балаларға арналған SMART-орталығы» КММ базасында Қостанай қаласының әкімі М.К. Жүндібаевтың қатысуымен Ұстаздар күніне арналған қалалық іс-шара өтті.
Салтанатты іс-шара барысында Криштова Надежда Сергеевна білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамотасымен марапатталды.
Надежда Сергеевнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби қызметіне толағай табыс, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен тәрбиеленушілерінің ыстық ықыласын тілейміз! 💐👏
Сізді мақтан тұтамыз! Алар асуларыңыз бен жеңістеріңіз көп болсын! 🌟



