Бүгін, 13.11.2026 жылы, «№ 54 бөбекжайы» КМҚК базасында «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: сапа, қауіпсіздік және баланың үйлесімді дамуы» тақырыбында қалалық Жас педагог мектебінің отырысы өтті.
Шеберлік сыныптары аясында педагогтер квест және кейс-технологияларды, геймификация мен робототехниканы қолдана отырып ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті, сондай-ақ экологиялық тәрбие беру және «Геоіздеу: табиғат құпиялары. Экологиялық геокешинг» эксперименттік алаңын іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара «Педагогикалық компас: идеядан тәжірибеге» рефлексиясымен, қорытынды шығарумен және пікір алмасумен аяқталды. Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, жас педагогтердің кәсіби қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуына арналған пайдалы алаңға айналды.



