|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 01-05 наурыз аралығында Ұлттық жылжымалы ойындарға қызығушылықты ояту, қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында "Ханталапай" республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Осы байқаудың жеңімпаздары – 1 орын дене шынықтыру нұсқаушысы С. П. Рогачтың жетекшілігімен мектепалды топтардың балалары болды.. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Сізге сәттілік және одан әрі жетістіктер тілейміз!
|
13
Наурыз
2024
|
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 54 балабақшада "Көктемгі көңіл-күй" бөбекжай қызметкерлеріне арналған ашық хаттар, құттықтаулар, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды
|
25
Қаңтар
2024
|
«Барлық кәсіптер маңызды» ерте кәсіптік бағдарлау жобасы бойынша жоспарды іске асыру шеңберінде «Ласточка» тобында жұмыс жалғасуда.
Балалар диірменші, оператор, аппаратшы, камыр жасаушы, технолог мамандықтарымен танысты.
Біздің қаламызда Қостанай ұн тарту комбинаты бар, оның жұмысы туралы балалар виртуалды экскурсиядан білді.
Балалар «Астық индустриясы» компаниясы Қазақстанда ұн мен макарон өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылатынын, ТМД-дағы ең ірі макарон өндірушілердің бестігіне кіретінін білді.
Балалар «Ас атасы нан» бейнесін қызығушылықпен көрді, онда олар үстелге нанымыз кімнің арқасында қойылатын адамдардың мамандықтарын тағы бір рет еске алды.


