«Гүл 🌸» арнайы мектепке дейінгі тобында қызықты «Ұлттық валюта күні» өтті. «Адал азамат» бағдарламасы аясында біз балалардың қаржылық сауаттылығын ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы дамытамыз.
❓ «Ақша не үшін керек?» атты әңгіме барысында балалар ойлануды, дәлел келтіруді және қорытынды жасау дағдыларын үйренді. Балалар Қазақстанның алғашқы ұлттық валютасымен танысты, сондай-ақ қазіргі қолданылып жүрген банкноттар мен тиындарға қарап, олардың ерекшеліктерін зерттеп, номиналдарын атап, тиындарды ажырата білді.
🍭 «Кәмпит дүкені» интерактивті ойынында балалар әрбір тауардың өз бағасы бар екенін білді, арзан және қымбат заттарды ажырата білді, тиындарды бағамен сәйкестендіріп, ең кішкентай және ең үлкен тиынды тапты.
👛 «Өз әмияныңды жаса» шығармашылық тапсырмасында балалар ынталы түрде бояп, қиып, моторика мен қиялын дамытты. Ал элементарлық математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарында олар тиындарды номиналы бойынша салыстыру дағдысын бекітті. 💡


