№54 бөбекжайында тәрбиешілерге арналған "Тілге бойлау" бағдарламасы бойынша тренинг өтті. Мақсаты – педагогтардың қазақ тілін ойын арқылы үйретудегі кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Тренингте "Түстер әлемі", "Сиқырлы дорба", "Бір, екі, үш..." ойындары ойнатылып, интерактивті тақта арқылы "Қызықты қазақ тілі" ойыны жүргізілді. Тәрбиешілер ойын элементтерін сабаққа енгізу жолдарын үйреніп, тәжірибе алмасты.
Ойын арқылы қазақ тілін үйрету балалардың қызығушылығын арттырып, тілді тез меңгеруге көмектесетіні атап өтілді. Тренинг тәрбиешілерге жаңа идеялар мен шабыт берді.
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|


