«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Тамшы» мектепалды даярлық тобында достық, өзара сыйластық және құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасау тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шара ойын элементтері арқылы қызықты әрі мазмұнды түрде өткізілді.
Балалар түрлі жағдаяттарды талқылап, жақсы және жаман қылықтарды ажыратуға, өз әрекеттеріне баға беруге және туындаған келіспеушіліктерді жанжалсыз, бейбіт жолмен шешуге үйренді. Сонымен қатар достықты бағалау, бір-біріне көмектесу, өзгелердің пікірін тыңдау және әр адамның сезіміне құрметпен қарау туралы түсініктерін кеңейтті.
Осындай танымдық ойындар балалардың бойында мейірімділік, әділдік, жауапкершілік пен сыйластық қасиеттерін қалыптастырып, қоғамда өзін дұрыс ұстау мәдениетін дамытуға ықпал етеді.



