«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында № 54 бөбекжай-балабақшасында «Тұқымды тастама – табиғатқа мүмкіндік бер!» экологиялық акциясы өтуде.
«Шаңырақ» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері өсімдік тұқымдарын жинауға белсенді қатысты. 🌼
Балалар тұқымдарды үлкен қызығушылықпен жинап, мұқият қарастырды, оларды пішіні, көлемі мен түсі бойынша салыстырды. Сондай-ақ қолайлы жағдай жасалғанда кішкентай тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығатынын білді.
🌱 Жиналған тұқымдар сақтауға дайындалып, көктем мезгілінде балабақша аумағына отырғызылып, жаңа гүлдер өсіру үшін пайдаланылады.
💚 Осындай іс-шаралар балалардың қызығушылығы мен еңбекқорлығын дамытып, ерте жастан экологиялық мәдениетін және табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырады.
Тұқымды тастама – табиғатқа мүмкіндік бер!
Бүгінгі кішкентай тұқым – ертеңгі әсем гүл! 🌷🌿
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|


