«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы мен «Тұқымды тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық акциясы аясында № 54 бөбекжай-бақшасының «Көбелек», «Болашақ», «Қарлығаш» ересек топтарының тәрбиеленушілері экологиялық экскурсияға қатысты.
Балалар емен мен долананы зерттеп, олардың жапырақтарын, қабығы мен бұтақтарын қарастырды. Ал «Экологиялық зертханада» емен жаңғақтарын сұрыптап, құмыраларға отырғызуға жарамдыларын таңдады. Ендігі кезекте балалар өсімдіктерді күтіп-баптап, олардың өсуін бақылайды. Көшеттер нығайған соң, оларды ашық жерге отырғызады. Сондай-ақ балалар табиғи материалдардан шығармашылық бұйымдар жасайды.
Бұл экологиялық жоба балаларға табиғатқа қамқор болуды, жауапкершілікті және Қазақстанның жасыл байлығын аялауды іс жүзінде үйретеді.
Бүгін тұқымды сақтайық – ертең жасыл болашақ өсірейік! #ТазаҚазақстан


