Жаз мезгілі – демалыс пен жаңа бастамалар үшін керемет уақыт! Егер Сіздің балларыңыз балабақшаға бармаса, бұл оларды дамытушы оқу іс-әрекеттері мен қарым-қатынастан айыруға себеп емес. Дәл осындай балалар мен олардың ата-аналары үшін кеңес беру пункті белсенді түрде жұмыс істейді.
Педагогтер «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударады. Бұл бағдарламаның мақсаты – баланы тұлға ретінде үйлесімді дамыту, оның бойында адамгершілік құндылықтар мен патриотизмді қалыптастыру.
Ата-аналар бірлескен ойындарға баса назар аудара отырып, бос уақытты ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мектепке дайындық бойынша ұсыныстар алды. Қазақ тіліндегі сөздерді бекіту үшін «Қайтала және есте сақта», «Бұл не екенін тап» ойындарын ойнады, балалар гардероб заттарының атауларын екі тілде атай отырып, «Киім» тақырыбы бойынша білімдерін нығайтты, «Менің отбасым» атты және басқа саусақ гимнастикаларын жасады.
Кеңес беру ата-аналарға балаларды сәтті тәрбиелеуге және дамытуға көмектеседі.