Жоспарлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмысы аясында кезекті іс-шара өткізілді. Балабақшаның комплаенс-офицері қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-профилактикалық шаралар жүргізді.
Қызметкерлер онлайн-қатерлерден қорғану тәсілдері туралы өзекті мәліметтері бар жадынамалар мен буклеттер алды. Сондай-ақ, цифрлық қауіпсіздік саласындағы хабардарлық деңгейі мен өзекті қажеттіліктерді бағалау мақсатында QR-код арқылы сауалнама ұсынылды.