«№54 бөбекжай-бақшасы» КМҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ай сайынғы жұмыс аясында «Адал кәсіби орта неден басталады?» атты интерактивті акция өткізілді.
Педагогтердің қатысуымен «Адал кәсіби орта ... басталады» деген сөйлемді жалғастыру ұсынылған пазл түріндегі тақырыптық панно ұйымдастырылды. Педагогтерге адал әрі ашық кәсіби ортаның негізін құрайтын құндылықтар туралы өз пікірлерін жеке форматта білдіруге мүмкіндік берілді.
Акция барысында қатысушылар жеке жауапкершіліктің, әділдіктің, адалдықтың, кәсіби әдеп нормаларын сақтаудың және әріптестер арасындағы өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың маңыздылығын көрсететін ұсыныстарын білдірді.
Жасалған панно ұжым бірлігінің және ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әрбір қызметкердің қосқан үлесінің символына айналды.


