|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
|
7
Қараша
2025
|
№54 балабақшада "Зеректілер додасы" қалалық байқауының мектепалды топтары арасында іріктеу кезеңі өтті. Бұл тамаша байқау жас таланттарды анықтап қана қоймай, сонымен қатар тәрбиеленушілерімізде сөйлеу мәдениетінің, сауаттылықтың және тілдік креативтіліктің берік іргетасын қалауды мақсат етеді.
Қатысушылар дыбыстар, сөздер және сөйлемдер әлеміне сүңгіп, өз білімдері мен дағдыларын ынта-жігермен көрсетті. Әр бала өздерінің даралығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті, бұл байқауды шынымен де жарқын әрі есте қаларлықтай етті.
Қорытынды бойынша үздік нәтижелерді көрсеткен жеңімпаздар анықталды:
• 1 орын: Юраш Екатерина, Батырбай Жангір
• 2 орын: Руденко Андрей, Сүлейменова Айла
• 3 орын: Рудень Кирилл, Мәжіди Халида
Бірінші орынды иеленген біздің жеңімпаздарымыз – Екатерина Юраш пен Жангір Батырбайды ерекше атап өткіміз келеді! Олардың жарқын өнері байқаудың қалалық кезеңіне есік ашады, онда олар өз таланттарын тағы да көрсетіп, балабақшамызды лайықты түрде таныстыруы тиіс.
Іріктеу кезеңіне қатысқан барлық қатысушылармен мақтанамыз және жеңімпаздарға алдағы уақытта да табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! "Зеректілер додасы" олар үшін үлкен жеңістер мен жарқын сөйлеу мәдениетіне бастайтын жол болсын!
|
7
Қараша
2025
|
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің базасында7 қараша күні мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту кафедрасы апталығы аясында «Кішкентай актерлер — үлкен таланттар: мектепке дейінгі білім берудегі театрлық педагогика» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына колледждің педагогтары мен студенттері, сондай-ақ балабақша тәрбиешілері № 54 балабақшасының педагогтері Айтумбетова А. А., Төлеуқызы А., Нұрушева А. О. қатысты. Педагогтер театрдың баланың тұлғалық дамуына қалай көмектесетінін, балабақшада театрландырудың қандай формалары тиімдірек екенін және болашақ тәрбиешілер театр әдістерін өз тәжірибесінде қалай қолдана алатынын талқылады.
Кездесу мейірімділік пен ынтымақтастық атмосферасында өтті.
|
30
Қазан
2025
|
Ағымдағы жылдың 30 қазанында бөбекжай қызметкерлері қалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Күш біріктіру арқылы біз туған қаламыздың тазалығы мен көріктенуіне үлес қостық.
|
30
Қазан
2025
|
23 қазан Республика күніне орай, біздің №54 бөбекжайында «Туған жерімізді дәріптейміз» Күзгі жәрмеңке атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ күз мезгілінің ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.
Мерекелік шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Іс-шараның шымылдығы патриоттық музыкамен ашылып, ұлдар мен қыздар қолдарына көгілдір, сары шарларды ұстап, «Аспан бәрімізге ортақ» атты би композиясын биледі.
Балалар әсем киімдерін киіп, туған жерге арналған жүрек жарды тақпақтарын мәнерлеп айтып берді. Содан кейін «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты әсем ән орындап, патриоттық тақырыптағы «Батыр жігіттер», «Туған өлкем» және аналарымен бірге «Киіз үй» билерін биледі. Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі күздің сұлулығы мен молшылығын дәріптеді. Күз туралы тақпақтар айтып, «Алтын күз» әнін орындап, «Бидай масағы» биін билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, күзгі киімдерге арналған «Сән көрсету» өтті. Қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалардың белсенділігімен ұйымшылдығы байқалды.
Мереке өте әсерлі, қуанышты жағдайда өтті. Балалардың көзінен туған елге деген мақтаныш сезімі байқалды. Осындай іс-шаралар арқылы кішкентай бүлдіршіндердің бойында елін, жерін, халқын сүю қасиеті қалыптасады.


