«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында №54 бөбекжайында «Оқуға құштар балабақша» жобасы іске асырылуда.
Жоба аясында «Тамшы» және «Балапан» ортаңғы тобында педагогтар Додекаэдрлерді пайдаланады-бұл ойынның ерекше форматы және жарқын, есте қаларлық суреттер. Бала суреттерді ойын түрінде қарастыра отырып, оқу материалын үлкен қызығушылықпен игереді. Барлық балаларға есте сақтау, әдеби шығарманы түсіну оңай емес болғандықтан, оқығаннан кейін біз әрқашан оқылған ертегіні талқылаймыз.