Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
3
Мамыр
2024
|

Қазақстан Республикасы Халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында №54 бөбекжайда балалар ересектермен бірге әрқайсысы өз тобынан бірлікті, достықты, толеранттылық пен ынтымақтастықты бейнелейтін "Poster" құрды.
1 мамыр-Қазақстан Халқының бірлігі күні, бұл Тәуелсіз Қазақстанның тарихы үшін ерекше маңызы менмәні бар мереке.
Қазақстанның біртұтас халқының бірлігі мен келісімі, достығы мен ынтымақтастығы елді бақытты болашаққа, өркендеуге және халықаралық аренадағы елдің имиджін нығайтуға жетелейді.
Бірлік пен келісім бейбітшіліктің негізі болып табылады.
3
Мамыр
2024
|

Біздің елімізде «Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні» мерекесі бар. Өз елімен қарым-қатынасты қалыптастыру бала кезінен басталады. Бұл туған үйге, отбасына, балабақшаға, өз халқының мәдени игілігіне, туған табиғатына деген сүйіспеншілік, басқа ұлттың адамдарына толеранттылықты, мерекелерді бірге атап өту әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне тәрбиелеу.
Мереке қарсаңында балаларды түрлі халықтардың ойындарын ойнауға шақырған спорт залында «Достық сандығы» тосын сәт күтіп тұрды. «Почемучка» және «Любознайка» мектепалды топтары әртүрлі ұлттардың ойындарымен танысып, Қазақстан халықтарының дәстүрлерін құрметтеуге үйренді. Балалар қазақ, орыс, беларусь, дағыстан және башқұрт ойындарын үлкен қызығушылықпен ойнады. Олар физикалық қасиеттерді көрсетті: жылдамдық, ептілік, төзімділік және достық. Мұндай мерекелер балаларға өздерінің дағдыларын, қабілеттерін, шығармашылық бастамаларын көрсетуге, өздерін бірігей, біртұтас халық ретінде сезінуге мүмкіндік беретін моральдық – патриоттық сезімдерді қалыптастырады.
24
Сәуір
2024
|

Сәуір айында Кеңес беру пунктінің жұмысы аясында ата - аналарға (заңды өкілдерге) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған №54 бөбекжай базасында «Сіздің үйіңіздегі музыкалық аспаптар» кеңесі (ата-ананың өтініші бойынша) берілді. Отбасындағы музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыру үшін музыкалық жетекшілер музыкалық фонотека, балалар музыкалық аспаптары, үйде жасалған аспаптардың болуын көздейтін тиісті музыкалық ортаны құруға бағыттады. Ата-аналарға арналған негізгі ееңес-музыка тыңдауды отбасылық дәстүрге айналдыру, содан кейін біртіндеп баланың қажеттілігіне айналады.
24
Сәуір
2024
|

«Звездочка» тобының балалары біздің бөбекжайымыздың түлегі Арлан Құрманғалиевпен және оның әкесі Тимур Булатовичпен кездесті. Арлан аралас жекпе-жекпен айналысады. Ол республикалық жарыстардың жеңімпазы, сонымен қатар 2023 жылы Әлем кубогында 3 орын алды.
Кездесуде Арлан ширату өткізді, төрт жасында спортпен шұғылдана бастағанын айтты. Қазір ол бірінші сыныптағы оқу мен жаттығуды сәтті үйлестіруде. Арлан балаларға спортшылар үшін дұрыс тамақтану, жаттығулары туралы айтып берді. Арлан ұлдарды кеудені жерден қалай дұрыс көтеруді, пресс жасуды үйретті.
Әкесі Арланға үйде жаттығу жасауға көмектеседі, өйткені ол да бұрын кикбоксинг спортымен айналысқан. Олар балаларғая жекпе - жек тәсілдерін көрсетті. Ұлдар саймандарды қуана-қуана сынап көрді және осы амалдарды қайталауға тырысты.
Балалар түрлі жарыстарда жеңіп алған медальдарды қуана қарады.
Мұндай кездесулер балалардың спортқа, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырады.
Қазір Арлан FREE FIGHTING MMА бойынша Қазақстан Чемпионатына және FREE FIGHTING MAA Әлем Чемпионатына дайындалуда.
Оған жеңіс тілейміз!!!