Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
15
Сәуір
2024
|

1961 жылы 12 сәуірде кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылып, әлемде алғаш рет Жер планетасының орбиталық ұшуын жасады.
54 бөбекжайда «Ғарыш» тақырыптық апталығы өтті. Тәрбиеленушілермен бірге тәрбиеленушілер ғарышкерлік туралы әңгімелесті, фотосуреттерді, презентациялар мен суреттерді қарастырды, мультфильмдер көрді, көркем әдебиет оқыды, ғарышқа арналған ойындар ойнады, суреттер салды. Балалар біздің жер планетасы орналасқан Күн жүйесімен танысып, Қазақстанның ғарышкерлері туралы білді.
Ата-аналармен жұмыс ұйымдастырылды, балалармен бірге қолөнер жасап, суреттер салды.
Ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш туралы үй суреттері» шағын қолөнер және суреттер мұражайы безендірілді.
Осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін ата-аналар мен балаларға алғыс айтамыз.
15
Сәуір
2024
|

Мемлекеттік тіліміз болып қазақ тілі саналады, ол да ту, елтаңба, гимн секілді Отаннан басталады және де ол барлық елдің азаматтарын біріктіреді. Республикамызда тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін біуге міндетті. Қазақ тілін үйрену мектепке дейінгі жастың уақыт талабы болып табылады. Педагог күні бойы тәрбиенушілермен сөйлескенде өзінің негізгі сөздерін қолданады, сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып, халық мәдениетімен таныстырады. Кез келген салтанатты іс шара гимн мен басталады, мектепалды топ тәрбиенушілері оны жатқа біледі, ал ересек топ балалары тыңдап бірге қосыла айтады. Балалар Мемлекеттік Гимннің ресми орындалу кезінде оң қолды жүрек тұсына қойып, тұрып тыңдау әдетке айналғанын біледі.Бөбекжайымызда аптаның әр дүйсенбіде ҚР гимнін орындалуымен басталады. Қазақстанның гимні халқымыздың күш-қуатын, еңбегін, мақтанышын асқақтатады.

29 наурызда Қостанай облысы Федоровка ауылының «Балдырған» бөбекжайында Қостанай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының «Инновациядан - бала танымын дамытуға» шығармашылық кездесуі өтті, оған 54 бөбекжайының тәрбиешісі Бобрицкая Елена Анатольевна қатысты.
Елена Анатольевна кездесу барысында тақырыпқа презентация және бейнеролик арқылы «STORYSACK» технологиясын пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды кітап әлемімен таныстыруға бағытталған бірыңғай тәрбие-білім беру кеңістігін құру» тақырыбы бойынша эксперименттік алаң аясында 54 бөбекжай педагогтарының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
2
Сәуір
2024
|

Наурыз мерекесі қарсаңында мектепалды «Почемучка», «Любознайка» топтары арасында «Тіл-халық жаны» атты шығармашылық тақпақтар байқауы өтті. Бұл байқау 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең «Отан» туралы
2 кезең «Тіл» туралы
3 кезең «Көктем», «Наурыз» жайында болды.
Балалар тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Әрқайсысы бір-бірінен қалыспай жақсы оқуға тырысты. Достық қарым-қатынас, қол шапалақтау және тәрбиешілердің қолдауы балаларды шабыттандырды. Айта кетерлігі, байқауға қатысуға ниет білдірушілер жеткілікті болды. Әділқазылар алқасына қорытынды шығаруға оңай болған жоқ. Марапаттау рәсімі өтті. Барлық балалар мадақтау қағазын алды. «Тіл-халық жаны» байқауының жеңімпаздары:
«Ең үздік орындаушы» номинациясы Мирослава К және Назар С
«Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша Есения Х
«Ең эмоционалды оқу» номинациясы бойынша Даша Невгод, Карим К , Вероника С
Өлеңге деген сүйіспеншілігі, көркемдігі, таланттары үшін, барша оқырмандарға алғысымызды білдіреміз.