|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Жасыл балабақша
|
20
Ақпан
2024
|
Болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие беру жөніндегі республикалық жоспарды іске асыру аясында 54 бөбекжайда осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Педагогтар «Почемучка» тобының балалары мен ата – аналарын «Ресайклинг «Қоқысқа-екінші өмір» шеберханасына шақырды.
Өз денсаулығыңды күту – ол жақсы, ал планетаның денсаулығына қамқорлық жасау одан да жақсы! Біз экология туралы және қоқысты қайта өңдеу мен заттарды қайта пайдаланудың пайдасы туралы тынымсыз айтамыз.
Балалар ата-аналарымен бірге қолөнер бұйымдарын жасады, яғни қоқысқа екінші өмір сыйлады, олардың не жасағанын көрейік.
Пластикалық бөтелкелерден көңілді пингвиндер, сонымен қатар қарындаштар мен қылқаламадарға арналған әдемі тіреуіш жасауға болады екен.
Лақтырылған қақпақтар -қызға сыйлауға болатын гүл жасау үшін, сонымен қатар біздің аяқтарымызға арналған денсаулық жолдарына пайдасы тиді.
Көптеген ата-аналар балаларға дамыту ойыншықтарын дүкендерден сатып алу керек деп ойлайды. Алайда, біздің ата - аналарымыз өз қолдарымен жасалған ойыншықты дамытушы деп санайды. Сонымен, олар жұмыртқа науалары мен киндерден жасалған контейнерлерден: аралар, шынжыр табан, өрмекші, көбелектер, ал дене шынықтыру сабағына арқа уқалағашын жасады.
Әрине, бір лақтырылмаған қаптама барлық экологиялық мәселелерді шеше алмайды. Бірақ егер біз өзіміз үйренсек, сонымен бірге балаларымызға қоқысты дұрыс тастауға үйретіп, оған «екінші өмір» берсек, әлем таза болады. Өйткені, қажет емес заттарға екінші өмір сыйлай отырып, біз планетамызды қоқыстардан сақтаймыз, сонымен бірге керемет сәндік заттар мен қолөнер бұйымдарын жасаймыз.
|
24
Қаңтар
2024
|
Болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие беру жөніндегі республикалық жоспарды іске асыру аясында 54 бөбекжайда үздіксіз жұмыс жүргізілуде.
Педагогтер экологиялық менеджментті ұйымдастыруға жағдай жасайды. Бірнеше әдістер бейімделген: «Қуаныш пен қайғы», «Экологиялық бағдаршам», «Жасыл досқа хат», «Құпия әңгіме». Осы бағыт бойынша балалармен жұмыс істеу іс-шараларының жоспары әзірленді.
«Өмір сүр Барыс» зерттеу жобасы енгізілді, онда мектеп жасына дейінгі балалар «Қар барысының ізімен» үлкен қызығушылықпен барды: Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Барыспен, оның өмір ерекшеліктерімен және мінез-құлқымен танысты және осы сирек кездесетін жануарды қорғау шаралары туралы білді.
«Экологияның жас менеджері» экологиялық форумы барысында балалар өздерінің білімдарлығын, ой-өрісін, қоршаған әлемге деген қызығушылықтарын көрсетті. Балалар табиғатты қалай сақтау, өзендер мен көлдерді тазарту, туған қаламызды жасыл және таза ету, «Экологиялық ай – стопперлер», түрлі модульдер: «Ғаламшар неге көңілсіз», «Табиғатқа көмектесу оңай» деген батыл әрекеттерді ойлап тапты.
|
24
Қаңтар
2024
|
Болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие беру жөніндегі республикалық жоспарды іске асыру аясында 54 бөбекжайда үздіксіз жұмыс жүргізілуде.
Педагогтар эковолонтерлік қозғалысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.
15 қаңтар – «Қыстайтын құстар күні» экологиялық халықаралық мерекесі.
«Бабочка» тобының педагогтары құстарға ұқыпты және қамқор болуға тәрбиелеу, құстарға қиын қыста көмектесуге деген ұмтылыс, балалармен қыстайтын құстар туралы әңгімелер ұйымдастырды, құстар туралы иллюстрацияларды қарастырды, оларды қауырсындарымен салыстырды, сонымен қатар балаларға құстар туралы әңгімелер оқуды, жұмбақтар жасауды және т. б. ұсынды.
Әсіресе, балаларға құстардың атаулары қайдан және қалай пайда болғанын білу қызықты болды, тәрбиеленушілердің қыстайтын құстар тақырыбына деген қызығушылығын қолдау және олардың білімдерін бекіту, мектеп жасына дейінгі балалар мынадай дидактикалық ойындар ойнады: «Сипаттамасы бойынша тап», «Ққандай құс жасырылды?», «Кімді және немен тамақтандыру керек», бөлінген суреттер. Балалар біздің айналамызда тұратын құстар туралы үлкен қызығушылықпен тыңдай отырып өздері үшін көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді.





