|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
|
30
Сәуір
2026
|
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында №54 бөбекжай-балабақшасында «Балалар көзімен әлем» атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Іс-шара тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың бойында бейбітшілік, достық пен келісім туралы түсінік қалыптастыруға бағытталды.
Бұл күні балабақша аумағы ашық аспан астындағы нағыз көркемсурет галереясына айналды. Балалардың қолындағы қарапайым борлар ең жарқын әрі шынайы идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Әр топ өзіне тән стиль, шығармашылық көзқарас және командалық рух танытып, қатысушылар лайықты марапаттарға ие болды.
Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды құттықтаймыз:
«Түрлі-түсті ғажайып» – «Звездочка» тобы,
«Асфальт күлкісі» – «Цветок» тобы,
«Жылдам борлар» – «Ботақан» тобы,
«Тату суретшілер» – «Құлпынай» тобы.
Балаларға түс пен шығармашылыққа толы осы жарқын мереке үшін алғыс білдіреміз!
|
20
Сәуір
2026
|
Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық — білім беру жүйесінің ең маңызды міндеттерінің бірі. Ол мектепке дейінгі кезеңнен мектепке өтуді біртіндеп әрі үйлесімді қамтамасыз етіп, балалардың жаңа оқу және тәрбие жағдайларына сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Мұндай ынтымақтастық әрбір бала өзін сенімді әрі жайлы сезінетін біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастырады.
№54 балабақшаның тәрбиеленушілері №16 мектеп мұғалімдерімен кездесті. Мұғалімдер оларға мектеп өмірінің алғашқы қадамдары туралы айтып берді. Балалар кітапханаға барып, оның бай кітап әлемімен танысты, кең спорт залын, акт залын және бастауыш сыныптардың жайлы кабинеттерін көрді.
Болашақ бірінші сынып оқушылары сабақтағы тәртіп ережелерімен танысып, мектеп партасына отырып көруге мүмкіндік алды.
|
16
Сәуір
2026
|
Балабақшамыздың музыка жетекшісі Ольга Васильевна «Үздік педагог – 2026» қалалық байқауында III орын иеленді. Бұл – тынымсыз еңбек пен кәсіби шеберліктің, шығармашылық ізденістің нәтижесі. Оның балаларға деген ықыласы мен өз ісіне деген жауапкершілігі әрдайым жоғары жетістіктерге жетелейді. Осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа табыстар мен шабыт тілейміз!
|
15
Сәуір
2026
|
Бағдарлама балалардың танымдық белсенділігін тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет арқылы дамытуға бағытталған. Әдістемелік әзірлеме облыстық ОӘК тарапынан мақұлданып (2025 жылғы 29.10 №8 хаттама), өңірдегі инновациялық педагогикалық тәжірибенің табысты үлгісі ретінде таратуға ұсынылды.


