|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
|
30
Қазан
2025
|
Ағымдағы жылдың 30 қазанында бөбекжай қызметкерлері қалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Күш біріктіру арқылы біз туған қаламыздың тазалығы мен көріктенуіне үлес қостық.
|
30
Қазан
2025
|
23 қазан Республика күніне орай, біздің №54 бөбекжайында «Туған жерімізді дәріптейміз» Күзгі жәрмеңке атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ күз мезгілінің ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.
Мерекелік шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Іс-шараның шымылдығы патриоттық музыкамен ашылып, ұлдар мен қыздар қолдарына көгілдір, сары шарларды ұстап, «Аспан бәрімізге ортақ» атты би композиясын биледі.
Балалар әсем киімдерін киіп, туған жерге арналған жүрек жарды тақпақтарын мәнерлеп айтып берді. Содан кейін «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты әсем ән орындап, патриоттық тақырыптағы «Батыр жігіттер», «Туған өлкем» және аналарымен бірге «Киіз үй» билерін биледі. Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі күздің сұлулығы мен молшылығын дәріптеді. Күз туралы тақпақтар айтып, «Алтын күз» әнін орындап, «Бидай масағы» биін билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, күзгі киімдерге арналған «Сән көрсету» өтті. Қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалардың белсенділігімен ұйымшылдығы байқалды.
Мереке өте әсерлі, қуанышты жағдайда өтті. Балалардың көзінен туған елге деген мақтаныш сезімі байқалды. Осындай іс-шаралар арқылы кішкентай бүлдіршіндердің бойында елін, жерін, халқын сүю қасиеті қалыптасады.
|
27
Тамыз
2025
|
№54 бөбекжайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Меңгеруші Тусова Айгуль Аманжоловна ұжымды құттықтап, ел заңдары мен құндылықтарын қастерлейтін азаматтарды тәрбиелеуде педагогтердің ерекше рөлін атап өтті. Іс-шара Мемлекеттік әнұранды орындаумен және тақырыптық бейнеролик көрсетумен жалғасты.
Мереке аясында балаларды дамытуда және тәрбиелеуде елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Меңгеруші Тусова А.А. медициналық бике Л.И. Панкратоваға, қазақ тілі мұғалімі А.О. Оспановаға, логопед мұғалімдер О.Н. Булко мен В.В. Сухининаға, сондай-ақ педагог-психолог В.Г. Гонцаревичке марапаттар табыстап, олардың аянбас еңбектеріне алғыс білдірді.
|
12
Тамыз
2025
|
№54 ясли-бақшасында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» тақырыптық кітап бұрышы ұйымдастырылды.
Бұл бастаманың мақсаты – бүлдіршіндерді жастайынан қазақ әдебиетінің бай мұрасымен таныстыру, туған сөзге деген сүйіспеншілікті 💬 ояту, Абай өсиет еткен білімге ұмтылу 📖, адалдық , еңбексүйгіштік , мейірімділік және адамдарға құрмет сияқты құндылықтарды бойларына сіңіру.
Іс-шара аясында балалардың, ата-аналардың және тәрбиешілердің қатысуымен кітап бұрышын тамашалау өтті. Бүлдіршіндер түрлі-түсті кітаптарды қызыға қарап, тәрбиешілердің Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелерін тыңдап, өлеңдерінен үзінділерді жатқа айтты.
Мұндай іс-шаралар балаларды жастайынан туған мәдениеттің рухани байлығына баулып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады және тарихтағы ұлы есімдерге құрмет сезімін оятады.


