Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
19
Наурыз
2025
|

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің № 54 балабақшасы» КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 7 А үй, төрбіешісі (қазақ тілінде оқытылатын топта 1 орын) бос лауазымға конкурс жарияланады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде http://sad54-kst.edu.kz/
Анықтама үшін телефон: 22-08-77, 87476272090
Электрондық поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжат тартізімі:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкес тендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасыны сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті натқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілі мінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұданәрі – ОЗП) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда
19
Наурыз
2025
|

"Ботақан" тобында Наурыз мерекесіне арналған жарқын, жүрекке жылы әрі ұмытылмас іс-шара өтті! Осы күні біздің топ "Наурыз-гүл" ауылы болып, мейірім мен қонақжайлықтың, ұлттық дәстүрлердің нағыз ордасына айналды.
Балалар зор қуанышпен қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, шеңбер құрып би билеп, ән айтып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Мерекелік шарада бүлдіршіндер ата-бабаларымыздың дәстүрлерімен танысып, бірліктің, достықтың маңызын сезінді. Қонақтарға әсем өнер көрсетіліп, мерекенің басты сәті дәстүрлі тағамдардан дәм тату болды.
Бұл күн баршаға шаттық пен жылулық сыйлады. Наурыз әр үйге бақыт, молшылық пен береке әкелсін!
11
Желтоқсан
2024
|

Біздің балабақшада «Цифрлық технологияларды қолдана отырып, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы ойындық тәсілдер» тақырыбында ұйымдастырылған қызметтің көрсетілімдері өтті. Іс-шараның мақсаты – интерактивті және цифрлық технологияларды қолдану арқылы сапалы мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру үшін тиімді жолдарды табу.
Тәрбиешілер заманауи технологиялардың білім беру процесінің бір бөлігі бола алатынын және олардың ойындық сипатын сақтай отырып, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Ұйымдастырылған қызмет барысында өздерінің шеберліктері мен кәсіби біліктілігін келесі педагогтер танытты:
Криштова Н.С., Кушнир О.А., Төлеуқызы А., Бобрицкая Е.А., Байбусынова С.Ж.
Сабақ барысында интерактивті тақталар, планшеттер, цифрлық оқыту бағдарламалары мен ойындар қолданылды. Олар балалардың ойлау қабілетін, тілін, логикасын және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған. Тәрбиешілер дәстүрлі оқыту әдістері мен инновацияларды үйлестіре отырып, балалардың материалды оңай меңгеруіне және шығармашылық қабілеттерін ашуына мүмкіндік берді.
Іс-шара әріптестер мен ата-аналардың оң пікіріне ие болды. Ол цифрлық технологиялардың дәстүрлі әдістерді толықтырып, мектепке дейінгі білімді заманауи және қызықты етуге мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
11
Желтоқсан
2024
|

2024 жылғы 27 қарашада Жоғары Педагогикалық колледжінде «Театр – мектепке дейінгі балалардың коммуникативті-сөйлеу дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға біздің балабақшаның педагогтары Сухинина В.В. мен Нестерова С.В. қатысып, талқылауға белсене араласып, театрлық қызметті мектепке дейінгі балалардың сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында мектепке дейінгі білім беруде театр педагогикасын қолданудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, балалардың сөйлеу қабілетін, қиялын, әлеуметтік дағдыларын және эмоционалдық сезімталдығын дамытуға ықпал ететін театрландырылған сабақтарды ұйымдастырудың заманауи әдістері мен тәсілдерін қарастырды.
Сухинина В.В. мен Нестерова С.В. тиімді театрлық ойындар, қойылымдар және балалармен жұмыстың басқа да шығармашылық формаларының мысалдарын көрсетіп, практикалық әдістемелерін ұсынды.
Олардың баяндамасы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, кәсіби идеялармен алмасуға негіз болды.
Іс-шара ашық диалог атмосферасында өтті, бұл барлық қатысушылардың кәсіби тәжірибесін байытуға және мектепке дейінгі білім беруде театрлық қызметтің дамуындағы жаңа бағыттарды белгілеуге мүмкіндік берді.