|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК КГКП "Ясли-сад № 54" отдела образования города Костаная" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Құрметті оқырмандар! «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 54 бөбекжай - бақшасы» МКҚК сайытына Қош келдіңіздер!
Біздің мекеменің қызметінің саласындағы қол жетімді және ашық ақпараттың деңгейін арттыру идеясы басшылықпен бірге құрылған. Біздің сайттан сіздер жаңа әдістемелік жұмыстарын, біздің тәрбиенушілердің шарттары және өмірі жайында танысасыздар, мақсат пен міндеттер және толық ақпарат құрылымы туралы таба аласыздар. Ал, біз сіздердің сұрақтарыңызға, пікірлер мен ұсыныстарыңызға жауап береміз, сіздермен әрқашан ынтымақтастықта бірге болуға қуаныштымыз.
С уважением, директор Тусова Айгуль Аманжоловна
|
11
Желтоқсан
2025
|
10 және 11 желтоқсанында 2025 жылы №15 б\б базасында «Зеректілер додасы» атты қалалық балалар байқауы өтті. Байқауға Қостанай қаласының мемлекеттік және орыс тілдерінде тәрбиеленетін мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысып, өздерінің білімдерін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың танымдық, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ олардың өзіндік бағалауын арттыру болды. Жарыстың жылы және достық атмосферасында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
«Жұлдызды» тобының тәрбиеленушісі Екатерина Юраш (№ 54 бөбекжай-бақша) «Ақылды» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Батырбай Жангір («Құлпынай» тобы, № 54 бөбекжай-бақша) қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
|
27
Қараша
2025
|
27 қарашада Қостанай облысы әкімдігінің "Білім басқармасы" ММ жоспары аясында ұйымдастырылған "Жылдың үздік психологы" республикалық байқауының облыстық кезеңі офлайн форматта өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жоғары кәсіби құзыреттілікті көрсететін дарынды және шығармашыл психологтарды анықтау. Байқау мамандардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, сондай-ақ оларға қолдау мен ынталандыру көрсетуге арналған.
Іс-шара аясында қатысушылар өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынып, қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша №54 бөбекжайының психологы Гонцаревич Валентина Геннадьевна бірінші орынды иеленді.
Валентина Геннадьевнаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған таусылмас шабыт пен одан әрі кәсіби жетістіктер тілейміз!
|
16
Қараша
2025
|
Міндетті білім беру процесі үшін авторлық материалдарды дайындау сапасын арттыру мақсатында 12.11.25 күні оқыту шарасы өткізілді. Меңгеруші Тусова А.А. сапалы авторлық жұмыстардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін өте маңызды екенін атап өтті. Әдіскер Захарова Е.А. жұмыстарды ресімдеу мен мазмұнына қойылатын талаптарды (құрылымы, мазмұны, ресімделуі, қосымшалары, бағалау критерийлері) таныстырды. Педагогтарға электронды форматта жадынамалар мен үлгілер ұсынылды.
|
16
Қараша
2025
|
Тәжірибе алмасу және әріптестік байланыстарды нығайту мақсатында балабақшаға Жоғары педагогикалық колледждің студенттері келді 👩🏫👨🏫. Кездесудің тақырыбы – мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие берудің заманауи тәсілдері болды 🌱.
Тәрбиешілер Алимбаева А.А., Черноус О.А. және Сафарян Л.В. өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп 💡, балаларда табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған инновациялық іс-әрекет түрлерін көрсетті 🌍.
Студенттер үшін балабақша педагогтары дайындаған әдістемелік материалдардың көрмесі ұйымдастырылды 📚. Қонақтар ұсынылған құралдармен қызыға танысып 😊, олардың тәжірибелік маңыздылығы мен авторлардың шығармашылық көзқарасын атап өтті 🎨.
Өткізілген кездесу кәсіби ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды 🤝.


